Сізді қызықтыратын барлық ақпаратты +77071964434 телефоны арқылы, сонымен қатар әлеуметтік желілерімізден немесе мессенджерлерімізден ала аласыз:
Құжаттар қабылданады:
- күндізгі оқу нысаны бойынша 20 маусым мен 20 тамыз аралығында
- оқудың кешкі формасы бойынша – 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында.
Колледжге түсу үшін қажетті құжаттар:
- жеке куәліктің көшірмесі;
- білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
- № 086-у нысанды медициналық анықтама (флюорофото қоса беріледі)
- 3x4 өлшемді 4 фотокарта
Қабылдау емтихандары (тестілеу) келесі пәндер бойынша өткізіледі:
- негізгі орта білім негізінде - 9 сынып – қазақ немесе орыс тілі және бейіні бойынша пән;
- жалпы орта білім базасында - 11 сынып - қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және бейіні бойынша пән: мамандықтар бойынша:
- 0101000 – «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» – биология;
- 0402000 - «Дизайн» (бейіні бойынша) – шығармашылық емтихан;
- 0506000 - «Шаштараз және сәндік косметика» - химия;
0514000 – «Бағалау» – математика.
- Жұмысшы мамандықтарына түсушілер үшін оқуға қабылдау емтихансыз жүзеге асырылады.
Қабылдау емтихандары өткізіледі:
- күндізгі оқу нысаны бойынша - 1 тамыздан 20 тамызға дейін
- оқудың кешкі формасы бойынша – 1 қыркүйектен 20 қыркүйекке дейін